Рухани жаңғыру » "Баяндай негізгі орта мектебі" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Баяндай орталау мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Рухани жаңғыру
02
декабрь
2017

Рухани жаңғыру

Баяндай орталау мектебіндегі
кезектен тыс өткізілген жиналыстың
№8 хаттамасы

Баяндай ауылы 04.08.2017ж.

Күн тәртібі:

1. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Болашаққа
бағдар: «Рухани жаңғыру» -мақаласыны талқылау

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.Ә. НазарбаевтыңБолашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылауға арналған жиын өтті. Шараға мектептің ұстаздары қатысты.
Мектеп директоры Құттықожа Майгул Нурпейисқызы аталған мақаланың біздің қоғамның түйіткілді мәселелерін айқын көрсеткен және оларды шешу жолдарын ұсынған стратегиялық бағдарламалық құжат болып табылатындығына тоқталды.
Тәуелсіздікалған жылдардан бері білім мен ғылымды дамытуда көптеген істер атқарылды. «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт», - делінген Елбасы мақаласында. Мектептер, білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеу орталығы ретінде қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
Ұстаздар Елбасы идеяларын насихаттай отырып, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласында көрсетілген көптеген бағыттарды жүйелі түрде жүзеге асыруда.
«Ұлттық тұтастық, мәдениет, әдет-ғұрып пен салт-дәстүр, бабаларымыздан қалған рухани мұраларды сақтау, латын қапіне көшу, білім берудің маңызын арттыру, мақсатқа жетудегі прагматизм, салауатты өмір салты сынды қоғам санасын жаңғыртудың маңызды құрамдас бөліктері бізге етене таныс әрі түсінікті-дейді, тарих пәнінің мұғалімі Юсупова Рушангул Аруповна өз сөзінде атап айтқандай Ұлт көшбасшысымен бірге елімізге және жас ұрпақтың келешегіне деген қамқорлықты бөлісе отырып, біз бар күш-жігерімізді, біліміміз бен тәжірибемізді алға қойған мақсатқа жету үшін аямаймыз».
Нұрсұлтан Назарбаев идеяларының өмірге ендіру, оның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген жоспарлар мен басымдықтарын нақты қолдану – ел әлеуетін нығайтуға қуатты серпін беретініне және адами капиталдың дамуына, бірлікті, ұлттық тұтастықты сақтауға, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.
Мұғалімдер Мемлекет басшысының ел тағдырына қатысты ой-толғауын үлкен ықыласпен қабылдады. Мақала конституциялық реформа мен Үшінші жаңғырудың экономикалық қайта құрылуын толықтыра түсіп, шын мәнінде, Қазақстанның табысты дамуының жаңа идеологиялық тұғырнамасына айналып отыр. Елбасы үндеуінің тарихи дамудың Қазақстан үшін жаңа кезеңіндегі асқан өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.
Ұстаздардың пікірінше, қоғам санасының жаңғыруы – алға жылжуымыз үшін аса қажетті қадам.

ШЕШІМ:
Көшбасшының айтылған «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» жолдау мақаласын мектеп ұжымының мұғалімдері бірауыздан қабылдап, білім саласындағы өзгерістерді болашақта енгізу.

Похожие публикации:

02 декабрь 2017 Сенің кұқығың
02 декабрь 2017 Туған елге тағзым